15 қаңтар 2016

Агенттік 2016 жылғы 11-ші және 12-қаңтарда Алматы қаласында жаңа редакциядағы стандарттар және рәсімдер бойынша «Жоғары оқу орнын сыртқы бағалау (аудит) және өзін-өзі бағалау есептерін сараптау рәсімдері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді

БСҚА қызметкерлерінің тобы президент, п.ғ.д., профессор Ш.М. Қаланованың басшылығымен 2016 жылғы 11-12 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Жоғары оқу орнын сыртқы бағалау (аудит) және өзін-өзі бағалау есептерін сараптау рәсімдері» тақырыбында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына арналған оқыту семинарларын өткізді. ҚБТУ, Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰЗТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, UIB, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, және т.б. университеттердің профессор-оқытушылар  құрамының және қызметкерлерінің ішінен 220 сарапшы (жалпы аймақтан 30 ЖОО және ҒЗО ішінен), сонымен қатар 29 студент-сарапшы оқытылды.

DSC 0096 DSC 0241

Семинар барысында сарапшылар Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіндегі жаңа редакциядағы Сапаны қамтамасыздандыру бойынша Еуропалық стандарттар және нұсқаулықтар (ESG) жөнінде толық ақпарат алды, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша БСҚА қайта әзірленген стандарттарын меңгерді, сыртқы аудит рәсімдерімен танысты, аккредиттеудің жеке мәселелері бойынша ой бөлісті. Сарапшыларға үлестірме материалдар: жаңа редакциядағы ESG стандарттары, қайта әзірленген ECTS бойынша нұсқаулықтар бар брошюралар, семинар материалдары жазылған CD- дискілері таратылды. Семинар спикерлерінің баяндамаларының презентациялары агенттіктің сайтында орналастырылған.

DSC 0051 DSC 0178

БСҚА ұлттық сарапшылар базасы аккредиттеудің жаңа стандарттары және рәсімдері бойынша оқытудан өткен 249 куәландырылған (сертификатталған) сарапшылармен толықтырылды.

DSC 0148 1

Фотосуреттердің толық галереясы

Семинар бағдарламасы