13 сәуір 2016

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығының (ENQA) директоры Мария Кело IQAA қызметкерлеріне семинар өткізді

2016 жылдың 12-сәуірінде Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығының (ENQA) директоры Мария Кело агенттік қызметкерлеріне семинар өткізді. Бұл семинар Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығының (ENQA) қызметі және ENQA және EQAR мүшелікке ену критерийлері бойынша IQAA қызметкерлерінің біліктілігін және білімін жоғарылату мақсатында ұйымдастырылған.

13042016 113042016 2

Қазіргі таңда, Мария Кело Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығының (ENQA) директоры және Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық реестрінің (EQAR) вице-президенті қызметтерін атқарады. Ол Қауымдастықтың президентімен бірге Е4 (ENQA, ESU, EURASHE, EUA) тобында және Болон үрдісі бойынша Жұмыстық топта ENQA өкілі болып табылады.

«Агенттіктерді бағалаудағы ENQA талаптары» атты баяндамасында Мария Кело ENQA толық мүшелігіне енуге өтініш берген сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерін сыртқы бағалау рәсімін өткізу үдерісін толық сипаттап берді. Баяндама барысында Мария Кело агенттік қызметкерлеріне ENQA сыртқы бағалау рәсімінен өту бойынша практикалық кеңестер және ұсыныстар айтты.

Семинар соңында, IQAA президенті, профессор Ш. Каланова Мария Келоға ынтымақтастық үшін алғысын білдірді және Қазақстанның жоғары оқу орындарының сапасын қамтамасыздандыруда агенттіктің жетістіктерін, агенттік жұмысының Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыздандыру стандарттарына және нұсқаулықтарына (ESG 2015) сәйкестігін айтып өтті.

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығы жайлы ақпаратты қазақ тілінде IQAA сайтынан ала аласыз.