14 сәуір 2016

2016 жылдың 13-сәуірінде Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығының директоры Мария Кело "Еуропада сыртқы сапаны қамтамасыздандыру: мәртебе, үрдістер және сын-тегеуріндер"

14.04.2016 214.04.2016 1

Қазіргі таңда Мария Кело Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығының директоры және Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық реестрінің вице-президенті қызметтерін атқарады. Ол Қауымдастық президентімен бірге Е4 тобында және Болон үрдісінің Жұмыстық тобында ENQA өкілі болып табылады. 14.04.2016 3

Семинарға агенттіктің Аккредиттеу кеңесінің және Аппеляциялық комиссия мүшелері, Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының ректорлары, проректорлары, өкілдері, сарапшылар, студенттер және агенттік қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, видеоконференция көмегімен семинарға М.О. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері қосылды. 

Баяндамасының басында, Мария Кело Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығының жұмысын толығымен сипаттап берді және алдағы жылдарға қауымдастықтың стратегиялық жоспарларын ұсынды. ESG 2015 енгізілген өзгерістерді талдай келе, Мария Кело студенттерге орталықтандырылған оқытуға аса үлкен көңіл бөлді. 

Өзінің баяндамасында Мария Кело келесі мәселелерді қарастырды:

  • Сапаны қамтамасыздандыру және Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігі - жоғары білім беруге жауапты министрлер Конференциясының нәтижесі, Ереван қ.;
  • ESG 2015 – ішкі және сыртқы сапаны қамтамасыздандыруға арналған негізгі өзгерістер;
  • Бірлескен бағдарламалар сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық тәсілі; 
  • Сапаны қамтамасыздандырудағы Еуропадағы кейбір үрдістер. 
14.04.2016 4

Семинар соңында қатысушыларда Мария Келоға сұрақ қоюға мүмкіндіктері болды. Семинарға қатысушылардың көпшілігі  үздік еуропалық тәжірибелерді таратудағы және Қазақстандық жоғары оқу орындарында білім сапасын қамтамасыздандырудағы БСҚА тиімді жұмысын атқарағандығын айтып өтті. Семинардан кейін барлық қатысушылар өткізілген семинарды бағалау бойынша сауалнама толтырды. 

14.04.2016 614.04.2016 5

Бұл іс-шара бойынша фотолардың толық жиынтығы IQAA Facebook желісіндегі ресми парақшасында ұсынылады.