27 маусым 2014

Оқу орындарын демократиялық басқаруға жәрдемдесу туралы конференция

2014 жылдың 25-26 маусымында Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Еуропа кеңесі және Еуропалық одақтың «Қазақстанда демократиялық азаматтылықты тәрбиелеу және адам құқығы салаларында білім беру саясатын қолдау» бірлескен бағдарламасы аясында «Оқу орындарын демократиялық басқаруға жәрдемдесу» халықаралық конференциясы өткізілді. Қазақстан жағынан бірлескен ұйымдастырушы болып Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі қатысты.

Конференция мақсаты – пікір алмасу, оқу орындарын демократиялық басқару саласында дұрыс тәжірибені тарату, сонымен қатар Қазақстанның білім берудегі Еуропа кеңесінің мүше-мемлекеттерімен ынтымақтастығының жоғары деңгейін қамтамасыздандыру.

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткізілген бұл конференция бірлеске халықаралық бағдарламаны жүзеге асырудың кезекті кезеңін аяқтайды; бірлескен жұмыстың қорытындысы жасалды, оқу орны менеджментін демократизациялаудың өзекті мәселелері талқыланды, кейінгі ынтымақтастықтың келешегі айқындалды.

Халықаралық конференцияға Бибигуль Утепкалиева - Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Жоғары, жоғарыдан кейнгі білім беру және халықаралық бағдарламалар департаментінің директор орынбасары; Елена Левченко - Қазақстан Республикасындағы Еуропа кеңесінің делегациясының техникалық ынтымақтастық бөлімінің жобалар менеджері; Долгова-Дрейер - Еуропа кеңесінің Білім департаментінің ТМД және Орта Азия мемлекеттерімен екі жақты және аймақтық ынтымақтастық бөлімінің басшысы; Питер Крапф - педагогикалық колледж профессоры, Вайнгартен, Германия; Мажена Рафальска - Еуропа кеңесінің сарапшысы, білім жөнінде кеңесші; Бастиан Бауманн - Еуропа кеңесінің жоғары білім беру жөніндегі сарапшысы; Рольф Голлоб - Цюриха, Швейцария педагогикалық университетінің білім орталығында білім саласындағы халықаралық жобалардың жетекшісі және т.б. қатысты.

Берілген конференцияның бағдарламасымен сілтеме бойынша таныса аласыз.

Берілген семинар туралы толық ақпарат Еуропа кеңесінің ресми сайтында ұсынылған.