21 мамыр 2016

FIBAA басқарушы директоры, доктор Бергер Хендрикс мырза, жұмыс сапарымен Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігіне (IQAA) келді

21052016 2

2016 жылдың 20-мамырында IQAA кеңсесіне Бизнес-әкімшілік саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу фондының (FIBAA) басқарушы директоры, доктор Бергер Хендрикс келді. Сапар барысында доктор Бергер Хендрикс мырза агенттік ұжымымен танысты және IQAA президенті Ш.М. Калановамен кездесуі өтті. Жақтар ынтымақтастық және білім сапасын қамтамасыздандыру саласында бірлескен семинарларды және іс-шараларды өткізу бойынша алдағы жоспарларды талқылады.

21052016 1

FIBAA (Бизнес-әкімшілік саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу фонды) - экономика, менеджмент, заң және әлеуметтік ғылымдар салаларындағы білім беру бағдарламаларының және жоғары оқу орындарының сапасын бағалауды жүргізетін, жоғары білім сапасын аккредиттеу және талдау халықаралық агенттігі. Бұл халықаралық агенттік Қазақстанның аккредиттеу агенттіктерінің Ұлттық реестріне кіреді және IQAA халықаралық әріптесі болып табылады.

Бизнес-әкімшілік саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу фонды (FIBAA) туралы толық ақпаратпен олардың ресми сайтында таныса аласыз.