07 қазан 2017

2017 ж. 6 қазанда БСҚА негізінде «Білім беру бағдарламаларын құзыреттілік, студентке орталықтандырылған оқыту негізінде әзірлеу және саны қамтамасыздандыру» тақырыбында мастер-класс өткізілді

DSCN1127 min DSCN1155 min
Бұл мастер-классты жоғары білім беру саласындағы халықаралық сарапшы (Германия), Экономика жоғары мектебінің кеңесшісі және ғылыми қызметкері (Мәскеу қ.) Лукас Бишоф өткізді.

Мастер-класс жұмысына әдістемелік қызметтер басшылары, кафедра меңгерушілері, жоо және ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары болып қызмет атқаратын 35 адам қатысты.
Бір күндік жұмыс барысында оқытудың жоспарланған нәтижелерін ескере білім беру бағдарламаларын әзірлеу алгоритмі, осы оқыту нәтижелерін құру жолдарын басқару әдістері, басқарудың тиімді құралдарын таңдау қарастырылды.

DSCN1200 min DSCN1215 min

Мастер-клас қатысушыларында түлектердің сәтті жұмысқа орналасуына және тұлғалық дамуына қажет икем мен қабілеттіктері бар жоғары білікті студенттерді оқыту үшін оқыту нәтижелерін тиянақтаудың және құзыреттіліктің тиімді әдістеріне үйренуге мүмкіндіктері болды. Мастер-класс жұмысы брейнсторм түрінде өтті және топ ішінде белсенді талқыланды.
Мастер-класс соңында барлық қатысушылар Лукас Бишов мырзаны үздік мастер-класс өткізгеніне және агенттікті жақсы ұйымдастырылған шараға алғыстарын білдірді.
DSCN1243 min
Мастер класс бойынша барлық фотосуреттер IQAA ресми Facebook парақшасында қолжетімді.
Материалдардың кез келген қолданысы тек iqaa.kz гиперсілтемесінің болуымен ғана рұқсат етіледі.