30 қазан 2017

IQAA өкілдері ENQA 8-ші Бас Ассамблеясына қатысты

IQAA өкілдері 2017 ж. 26-27 қазан аралығында Париж қаласында (Севр округі, Франция) өткен ENQA 8-ші Бас Ассамблеясына қатысты. Бұл шара Халықаралық педагогикалық зерттеулер орталығы (CIEP) негізінде ұйымдастырылды.

301017 3301017 1

2017 ж. 25 қазанда Бас Ассамблея басталмай тұрып, CIEP Зерттеулерді және жоғары білім беруді бағалау жөніндегі Жоғары кеңесімен (HCERES), Инженерлік мамандықтар бойынша комиссиямен (CTI), және Францияның Жоғары білім, зерттеу және инновациялар министрлігімен бірлесе барлық қатысушыларға «Франциядағы білім беру: ұлттық және Еуропалық мәнмәтін аясындағы негізгі ойыншылар және қиындықтар» тақырыбында шара ұйымдастырды.

Бас Ассамблеяны ENQA Президенті, Падрик Уолш және Халықаралық педагогикалық зерттеулер орталығының Жоғары білім беру департаментінің басшысы, білім беру бойынша ынтымақтастық департаментінің басшысының орынбасары, Бруно Курвале алғысөздерімен бастады.

Бас Ассамблея бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрды:

1) Постерлер көрмесі және баяндамасы;

2) Париж қаласында 23-25 мамырда өтетін 2018 ж. Министрлер конференциясының алдында ENQA жолдауын талқылау;

3) «Бағдарламалық және институционалдық аккредиттеу – сапаны қамтамасыздандыру болашағы» тақырыбындағы Нидерланды және Фландрия аккредиттеу агенттігінің (NVAO) басқарушы директоры, Аксел Эрден және Инженерлік ғылымдар, информатика және жаратылыстану ғылымдары білім беру бағдарламаларын аккредиттеу агенттігінің (ASIIN) басқарушы директоры, Иринг Вассер арасындағы дебаттар.

301017 4301017 2

Ассамблеяның ең қызықты әрі белсенді бөлімі түрлі тақырыптардағы постерлердің көрмесі және баяндамалары болды. Бірнеше агенттіктер өкілдері олардың ұйымдарында сапаны қамтамасыздандыру саласындағы өзгерістер мен қазіргі таңдағы мәселелерді айқындайтын диаграмма, кесте түрінде өздерінің баяндамаларын ұсынды.

2016 ж. ENQA басқармасы 2018 ж. Бас Ассамблеяның мәжілісі Қазақстанда IQAA негізінде өткізіледі деген шешім қабылдады. Мұндай ауқымды шараны ұйымдастыруды тапсыру ENQA жағынан біздің Агенттікке үлкен сенімділік пен мойындаудың белгісі болып табылады. Шара аясында Әкімшілік және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Даулет Каланов барлық ENQA мүшелері-ұйымдарды 2018 ж. 18-19 қазанда Астана қаласында өтетін 9-шы Бас Ассамблеяға шақырды. Ол ENQA мүшелеріне мемлекет туралы, Астананың көрікті жерлері және IQAA туралы баяндама ұсынды.

Бұл шара бойынша толық ақпарат, ассамблея бағдарламасы, баяндамалар және постерлер ENQA ресми сайтында ұсынылған.

Фотосуреттер ENQA ресми Facebook парақшасынан алынған.