06 қараша 2017

2017 ж. 4 қарашада IQAA Аккредиттеу кеңесінің мәжілісі өтті

04 11 2017 1

Мәжіліс басында Аккредиттеу кеңесінің жаңа мүшелері таныстырылды:

1. Жусупов Адильхан Шаймагамбетович (Астана қ. Білім басқармасының Гуманитарлық колледжінің директоры);

2. Тайтулеев Толеугали Мухамеджанович («Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК директоры);

3. Айменов Нүркен Еркенұлы (студенттер өкілі, «КазГЮУ» университеті «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті, «UNISON» жастар одағының президенті);

4. Байманов Исламбек Айдарович (студенттер өкілі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Гидрология» мамандығының 4 курс студенті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түлектерінің қауымдастығының төрағасы).

04.11.2017 2 04.11.2017 5

Мәжілісте «KIMEP университеті» АҚ институционалдық аккредиттеуінің мерзімін созу мәселесі қарастырылды, сонымен қатар келесі оқу орындарының институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу бойынша материалдары қарастырылды және талқыланды:

1. Алматы автокөлік-жол колледжі (институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу);

2. «Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК (институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу);

3. «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК (мамандандырылған аккредиттеу);

4. «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ (институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу).

Аккредиттеу кеңесінің осы ұйымдарды аккредиттеу бойынша шешімінің қорытындысы келесі сілтемелер бойынша ұсынылады:

ТжКБ ұйымдарын институционалдық аккредиттеу;

ТжКБ ұйымдары білім беру бағдарламаларын мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу жөнінде шешімдер.