29 қаңтар 2018

IQAA жаңа қызметкерлері үшін оқыту семинары өткізілді.

2018 жылғы 19 қаңтарда ішкі сапа кепілдігі бағдарламасының шеңберінде жаңа IQAA қызметкерлері үшін оқыту семинары өткізілді. Бұл оқыту семинары жаңа қызметкерлерді аккредиттеу рәсімінде негізгі білімдер мен дағдыларды игеру, сапа кепілдігі стандарттары мен үйлестірушілер мен сарапшылар топтарының жұмыс қағидаттарын таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

20180119 141146 2 min 20180119 152208 1 min

Семинар барысында жоғары оқу орындарының аудит және постаккредитациялық мониторингінің департаментінің директоры, профессор Ж.К. Ахмадиева, жоба әдіснамасы мен сараптама меңгерушісі, профессор Адильгазинов Г.З. және ТжКБ ұйымдарының аудит және постаккредитациялық мониторингінің департаментінің директоры,Раймбекова Ж.А. өздерінің үлкен тәжірибесі мен білімімен бөлісті.

Семинардан кейін агенттіктің жаңа қызметкерлері өз пікірімен алмасты және мастер-класс үшін әріптестеріне алғыс айтты. Мұндай түрдегі тренингтер қажетінше тұрақты түрде IQAA тарапынан жүргізіледі.