12 ақпан 2018

БСҚА өкілдері 2018 ж. 9 ақпанда Астана қаласының «Гуманитарлық колледжі» МКҚК базасында өткізілген «Қазақстан Республикасы колледждерінде педагогикалық мамандарды дайындау: талаптар мен жаңа мүмкіндіктер» атты Республикалық семинар жұмысына қатысты.

5 6

Семинарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, республикадағы педагогикалық, гуманитарлық колледждер өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасы ТжКБ жүйесінде педагогикалық кадрлар дайындауда жаңартылған білім мазмұнын, қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын енгізу, инклюзивті білім беру бағдарламаларын жетілдіру және т.б. бойынша өзекті міндеттерді анықтау.  

Семинар жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Вице-министрі А. Қ. Аймағамбетов, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Басқарма төрағасы Н. Р. Аршабеков сөз сөйледі.

7 8