07 маусым 2018

«Озық технологиялар заманында жоғары білім беру саласындағы инновациялар» атты жоғары білім беру көшбасшыларының VII Еуразиялық форумы.

35145942 205639186720549 1217303386496434176 o 34479200 204210790196722 4174755065510232064 o

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің (IQAA) президенті, профессор Каланова Ш.М. және Агенттік қызметкерлері 2018 жылдың 7-8 маусымында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде өткен «Озық технологиялар заманында жоғары білім беру саласындағы инновациялар» атты жоғары білім беру көшбасшыларының VII Еуразиялық форумына (бұдан әрі - EHELF Форумы) қатысты.

 35079458 205613913389743 3940417827319578624 o 35238049 205621986722269 3180885021737091072 o

 35284956 205643656720102 4916816206125596672 o 3255656532

EHELF Форумында негізгі баяндамашылар ретінде білім саласындағы жетекші халықаралық сарапшылары мен белгілі шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Назарбаев Университетінің студенттері болды. Форум шеңберінде пленарлық отырыстар өтті, онда жоғары білімдегі озық технологиялардың әсері, дағдыларды дамытуда мен ұзақ мерзімді мақсаттарды жету үшін жоғары оқу орындарының рөлі, озық технологиялары аясында жоғары білім беруді жаңғырту және де басқа тақырыптар талқыланды. Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің «Create.Innovate.Disrupt.» Аstanа Business Campus Инновациялық кластері жобаларының көрмесі өткізілді, онда Назарбаев Университетінің Технопарк базасында іске асырылған инновациялық эко-жүйесін дамытудағы Назарбаев Университетінің тәжірибесі көрсетілді.