26 қазан 2018

2018 жылдың 17 қазанында ENQA Бас Ассамблеясы аясында, Radisson Hotel Astana қонақ үйінде Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі әр алуан елден келген 44 қатысушыға арналған кездесу ұйымдастырды.

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі Еуропалық қауымдастық Басқармасының шешімі бойынша (ENQA), 2018 ж. 18-19 қазанында тұңғыш рет Қазақстанда Астана қаласында 9-шы Бас Ассамблея өткізілді.

1998 жылдың 24 қыркүйегіндегі Еуропалық Одақтың ұсыныстарына мен Болон декларациясына (1999 ж.) сәйкес, жоғары білім беру сапасын қамтамасыздыру саласындағы еуропалық елдердің ынтымақтастығын дамыту мақсатында, 2000 жылы Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі Еуропалық қауымдастық (ENQA) құрылды. Қауымдастықты Еуропа елдерінің білім министрлері мойындайды. Қазіргі таңда 29 елдің 51 агенттігі ENQA-ның толық мүшелері, ал 25 елдің 47 ұйымы - үлестес мүшелері болып табылады.

DSC 8039 min  DSC 7716 min

ENQA Бас Ассамблеясы ENQA шешімдерін қабылдаудың негізгі директивті органы болып табылады. Бас Ассамблеяның құрамына Қауымдастықтың ұйым-мүшелері, сондай-ақ Еуропалық министрліктердің өкілдері және бақылаушы ретінде мүдделі тараптар кіреді. Бас Ассамблея жылына бір рет өткізіледі.

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі Radisson Hotel Astana қонақ үйінде өткен халықаралық іс-шараның қабылдаушы тарапы болып табылды.

Шетелдік қонақтарды Қазақстанмен, ұлттық жоғары білім беру жүйесімен және білім беру сапасын қамтамасыздандыру жүйесімен таныстыру мақсатында, БСҚТА-нің ұйымдастырушылары Бас Ассамблея қатысушыларын қарсы алуға арналған іс-шараны дайындады.

DSC 7732 min  DSC 7917 min

Ассамблея қатысушыларының алдында Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру ұлттық жүйесінің өкілдері сөз сөйледі:

- БСҚТА Байқау кеңесінің төрағасы Ж.А.Күлекеев "Уақыт пен кеңістік аясындағы Қазақстан" тақырыбындағы баяндамасында шетел қонақтарын көне үрдістері мен заманауи дамуы ұштасқан, шығыс дәстүрлері мен батыс модерні үндесіп тұрған, Еуразияның дәл орталығында орналасқан орасан елдің тарихы және қазіргі даму стратегиясымен таныстырды.

- ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры А.Ж.Тойбаев "Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы" тақырыбындағы баяндамасының аясында, Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіне шолу мен талдау жасауға тоқталды.

DSC 8023 min  DSC 7767 min

- БСҚТА Президенті Ш.М.Қаланова "Қазақстандағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыруды дамыту" тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында ол Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің Жоғары білім берудің бірыңғай кеңістігіне кірігуінің тарихы, Қазақстандағы сапаны қамтамасыз ету жүйесінің саяси және заңнамалық негізі, тәуелсіз аккредиттеудің қалыптасу кезеңдеріне шолу жасады.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін, қатысушылар кофе-брейк кезінде кофе іше отырып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Кездесу аясында Бас Ассамблеяның барлық қатысушылары "Астана Опера" опера және балет театрына неміс романтизм дәуірінің камералық музыкасын тамашалауға шақырылды, онда Ф.Мендельсон, Р.Шуман мен И.Брамстың өшпес шығармаларын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік "Форте Трио" триосының белгілі аспапшылары орындады.