24 қазан 2018

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі Еуропалық қауымдастық Басқармасының шешімі бойынша (ENQA), 2018 ж. 18-19 қазанында тұңғыш рет Қазақстанда Астана қаласында 9-шы Бас Ассамблея өткізілді

DSCN3240 min DSCN3241 min

2018 жылдың 18-19 қазанында Астана қаласында Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастық мүшелеріненің 9-шы Бас ассамблеясы өтті. Ассамблея барысында 37 елдің сарапшылары білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.
1998 жылдың 24 қыркүйегіндегі Еуропалық Одақтың ұсыныстарына мен Болон декларациясына (1999 ж.) сәйкес, жоғары білім беру сапасын қамтамасыздыру саласындағы еуропалық елдердің ынтымақтастығын дамыту мақсатында, 2000 жылы Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі Еуропалық қауымдастық (ENQA) құрылды. Қауымдастықты Еуропа елдерінің білім министрлері мойындайды. Қазіргі таңда 29 елдің 51 агенттігі ENQA-ның толық мүшелері, ал 25 елдің 47 ұйымы - үлестес мүшелері болып табылады.

DSCN3245 min DSCN3256 min

ENQA Бас Ассамблеясы ENQA шешімдерін қабылдаудың негізгі директивті органы болып табылады. Бас Ассамблеяның құрамына Қауымдастықтың ұйым-мүшелері, сондай-ақ Еуропалық министрліктердің өкілдері және бақылаушы ретінде мүдделі тараптар кіреді. Бас Ассамблея жылына бір рет өткізіледі.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі Radisson Hotel Astana қонақ үйінде өткен халықаралық іс-шараның қабылдаушы тарапы болып табылды.

DSCN3374 min DSCN3430 min

Бас Ассамблеяның жұмысына 37 елден келген 100-ге жуық өкіл қатысып, 17 сарапшы сөз сөйледі.
Іс-шара ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен басталды. Сонымен қатар, конференция қатысушыларына ENQA президенті, доктор Кристоф Гролимунд, IQAA Байқау кеңесінің төрағасы, профессор Күлекеев Ж.А. және IQAA Президенті, профессор Қаланова Ш.М. жемісті жұмыс барысын тіледі.
Бас Ассамблеяның таңертеңгі отырысында, "Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігін дамыту және болашақ перспективалары" тақырыбында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық тізілімнің президенті, профессор Карл Дитрих баяндама жасады.

DSCN3434 min DSCN3540 min

Бас Ассамблеяның бірінші күні 12 тақырыптық сессия шеңберінде, білім берудегі сыртқы бағалау мен аккредиттеудің халықаралық тәжірибесі қаралды. Постерлер "NVAO-ның құндылық әдісі: сапаны қамтамасыз етудің жаңа тәсілі", "Ирландиядағы зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету бойынша бірлескен және тұтас жүйе", "Басков елінің университет жүйесіндегі қосарлы оқытуды бағалау – бірінші сыртқы аудиттен алынған сабақтар", "Жұмыс берушілермен тиімді қарым-қатынас жасауға бағытталған жүйе", "Жоғары оқу орындарының академиялық автономиясын кеңейту аясында, докторлық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз етудегі Қазақстанның тәжірибесі" және т.б. өзекті тақырыптарды қамтыды. Германия, Испания, Армения, Қазақстан, Нидерланды, Молдова, Ресей, Исландия және Ирландия елдерінен келген сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, іс-шараға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Бұл агенттіктерге нақты шешілмеген проблемаларды ұсынуға, және сол арқылы талқылауға қатысқан адамдардан кеңестер мен сындарлы кері байланыс алуға, нақты сапаны қамтамасыз ету құралын табысты енгізу әрі пайдалану жөнінде ұсыныстар беруге мүмкіндік туғызды.

DSCN3617 min DSCN3618 min

Қатысушылардың сан алуан елден келгендігі және баяндамалардың таңдалған тақырыптары талқыланып отырған мәселелерді терең түсінуге көмектесті.
Бас Ассамблеяның қатысушыларына арналған тақырыптық сессиядан кейін, Австрия, Испания және Германияның жетекші сарапшылары бүгінгі таңда өзекті болып табылатын "Қашықтықтан білім беру сапасын қамтамасыздандырудың негізгі қағидалар мен сын-қатерлер"тақырыбында баяндама жасады.

DSCN3541 min DSCN3705 min

Ассамблеяның екінші күні ENQA қызметі бойынша ағымдағы және перспективалық мәселелерді талқылауға және ұйымдастыру мәселелерін шешуге арналды. Жабық отырыс барысында ENQA Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерінің сайлауы өтіп, қабылданған шешімдер мен өзгерістер аясында ұйымды одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

DSCN3741 min DSCN3766 min

Бас Ассамблеяның барлық қатысушыларының бірауыздан пікірлері бойынша іс-шараны ұйымдастыру өте жоғары деңгейде өтті. ENQA Президенті Кристоф Гролимунд 9-ші Бас Ассамблея әрі қарай кәсіби ортадағы жұмыс жетістіктері туралы ой бөлісу мен алмасуға жаңа қуатты серпін беретініне сенім білдірді. Проблемаларды жаһандық көруге, шетелдік әріптестермен ақылдасуға, оларға кәсіби маңызды сұрақтар қоюға әрі құзыретті жауаптар алуға мүмкіндік беретіндіктен, мұндай қарым-қатынас форматы әрқашан қажет.

20181019 214909 min 20181020 032434 min

ENQA басшылығының пікірінше, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі Қазақстанда Ассамблеяды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі міндеттерін тамаша орындап, ең жоғары бағаға ие болды. Бұл туралы ENQA хатшылығынан іс-шара аяқталғаннан кейін келген ресми алғыс хаты куәландырады. ENQA Президенті Кристоф Гролимунд IQAA Президенті Ш.М.Қалановаға алғысын білдіре отырып, дайындық кезеңінде және барлық іс-шаралар барысындағы жоғары кәсіпқойлығы, Агенттіктің барлық командасының үйлесімді жұмысы, Бас Ассамблеяның әрбір күнінің мазмұнды бағдарламасы және конференция барысындағы жайлы достық жағдайы үшін рақмет айтты. Қауымдастық жетекшісі іскерлік іс-шараларға қоса, мәдени іс-шараларды да жан-жақты ойластырған ұйымдастырушылар мен Қазақстанның теңдесі жоқ қонақжайлылығын атап өтті. Бас Ассамблеяның барлық қатысушылары Ш.М.Қаланова мен агенттік командасына "Астана Опера" опера және балет театрында өткен неміс романтизмі дәуірінің камералық музыкасын және "Аққу көлі" балетінің орасан зор қойылымын тамашалауға берілген бірегей мүмкіндігі үшін алғыс білдірді. Ал Астана қаласы әкімдігінің "Astana Convention Bureau" қолдауымен өткізілген қалаға саяхаты қатысушыларды Астананың ең әдемі, маңызды орындарымен, Қазақстан Республикасы астанасының басты символдарымен және көрікті жерлерімен танысуына септігін тигізді.

Толық фоторепортаж IQAA-ның ресми Facebook парақшасында бар.