24 қазан 2018

Агенттік қызметкерлерінің «Internal and External Quality Assurance Systems for Cycle 3 (Doctoral) Programmes» Dissemination Conference under the Project Promoting Internationalization of Research through Establishment of Cycle 3 QA System in line with the European Agenda (Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-ші цикл бойынша бағдарламалар сапа менеджменті жүйесін құру арқылы зерттеулердің интернационалдандыруға көмектесетін жоба аясында ақпаратты тарату бойынша конференция) халықаралық семинарға қатысуы туралы.

2018 жылдың 16-17 қазанында Астана қаласында М.Нарикбаев атындағы Қазақ гуманитарлы-заңтану университетінің базасында «Еуропалық интеграциялық күн тәртібіне/С3QA сәйкес 3-ші циклы бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру және қызмет істеу жолымен зерттеулерді интернационалдандыруға жәрдемдесу» атты Эразмус+ жобасы бойынша кезекті халықаралық семинар өтті. Семинарға Армения, Қазақстан, Испания, Моңғолия, Франция және Украина өкілдері қатысты.

IMG 20181025 WA0002 IMG 8559 min

Аталған жобаның мемлекеттік үйлестіруші ретіндегі БСҚА-тің атынан семинардың жұмысына профессор Әділғазинов Ғ.З. мен аға сарапшы Асылбекова Ә.З. қатысты. 16 қазан күні Асылбекова А.З. «Cycle 3 бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету аясындағы мемлекеттік саясаттың мәселелерін шешуге бағытталған сыртқы сапа кепілдігі жүйесі» және «3-ші цикл бағдарламасын сыртқы бағалау барысында ғылыми жетекшілікке, диссертация дайындау мен қорғауға назар аудару» атты баяндамалар жасады. Оның екі баяндамасы қызығушылық пен пікір алмасуға себеп болды.

Профессор Әділғазинов Г.З. «3-ші циклы бағдарламалары аясында білім беру мен оқыту сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында баяндамасын оқыды, онда ол жобада әзірленген докторлық білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттарын ұсынды. Баяндама бойынша көптеген сұрақтар туындады, біздің стандарттарымыз жоба қатысушыларының қызығушылығын тудырды.

IMG 8577 min IMG 8545 min

Қазақстаннан жобаға қатысушылардың жағымды сәті болды, себебі жобаның нәтижелі орындалуын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Б.М. Нарбекова растады, ол өз баяндамасында БСҚА және жобаға қатысушы ЖОО-мен әзірленген ұсыныстар мен нұсқаулықтар негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің докторантура қызметін реттейтін нормативтік құжаттарында қажетті өзгертулер енгізу жоспарлануда деп жеткізді.

Семинардың бірінші күнін қорытындылай келе, жобаның үйлестірушісі, Армениядағы Француз университетінің проректоры, доктор Арайик Навоян БСҚА-тің жоба бойынша жұмысының нәтижелілігін атап өтті, бұл жоба бойынша көптеген өзгерістер біздің Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылды.

Семинардың екінші күні бірінші күні талқыланған мәселелер бойынша жоба қатысушылар өздерінің әзірмелерімен жобаға қатысушы елдердің жоғары оқу орындарының өкілдерімен бөлісті.