26 ақпан 2019

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындалуымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинованы құттықтаймыз!

Ш 2

Мемлекет Басшысының 2019 жылғы 25 ақпандағы жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым лауазымына тағайындалды.

Бүгін, 26 ақпан күні, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова К.Н. Шәмшидинованы Министрліктің ұжымына таныстырды, Мемлекет басшысының атынан экс-министр Ерлан Сағадиевке білім беру саласында атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Күләш Ноғатайқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі қызметін екі рет атқарды: 2002 жылғы ақпан мен 2005 жылғы мамыр аралығында және 2007 жылғы сәуір мен 2009 жылғы қазан аралығында. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқарма төрағасы қызметінде Күләш Ноғатайқызы 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеді.

Осы уақыт ішінде ұлттық білім беру жүйесін жаңғырту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Осылайша, орта білім беруде отандық дәстүрлер негізінде білім беру мазмұны мен құрылымын жаңартуды жүзеге асыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және мемлекеттік тілді басым дамыту, білім беру мазмұнын нәтижеге бағытталған білімге айналдыру үшін іргетас қаланды.

Сонымен қатар, шет тілін және информатика негіздерін ерте оқыту, еліміздің зияткерлік әлеуеті ретінде дарынды балалармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша міндеттер жүзеге асырылды.

Осыған байланысты, Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі ұжымы Күләш Ноғатайқызын тағайындалуымен құттықтап, жемісті жұмыс және жаңа жетістіктерді тілейді!

Білім және ғылым экс-министрі Ерлан Кенжеғалиұлына Агенттік зор денсаулық және Қазақстан игілігі үшін жаңа жобаларды іске асыруды тілейді.