10 маусым 2019

Жоғары білім көшбасшыларының «Болашаққа дайын түлектер» атты Еуразиялық форумы-2019 6-7 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

2019 жылы 6-7 маусымда Назарбаев университетінде VIII Еуразиялық Жоғары білім көшбасшыларының форумы өтті. Биылғы форумның тақырыбы: «Болашаққа дайын түлектер».

Іс-шараға 12 елден 300-ге жуық делегат қатысты. IQAA іс-шараға IQAA Президенті Ш.М. Каланова және Агенттіктің қызметкерлері қатысты.

Форум барысында білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибе мен өзекті мәселелер, атап айтқанда, болашақ көшбасшылардың әлеуетін дамыту және жоғары оқу орындарын өзгермелі еңбек нарығына бейімдеу жолдары талқыланды.

Салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың құттықтау сөзімен басталды. Бұдан кейін Nazarbayev University президенті Шигео Катсу кіріспе баяндама жасады.

1 2

Форумның бірінші күні екі пленарлық сессия және төрт семинар өтті.

«Болашаққа дайын түлектер» атты бірінші пленарлық сессия Nazarbayev University президенті Шигео Катсу модерациясымен өтті.

Сессия спикерлерінің арасында Forest Wolf компаниясының тең құрылтайшысы және бас директоры Кристалл Лим-Ланг таныстырылды. Өз сөзінде Кристалл серпінді технологиялар, жасанды интеллект және төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі университеттердің өзектілігі мәселесін қозғады. Кристаллның пікірінше, жоғары білікті түлектерді даярлау үшін университеттер үш негізгі қызметті орындауы тиіс: дағдыларды дамыту, әлеуметтік желілерді кеңейту және жұмыс берушілерді олардың түлектерінің құндылығы мен әлеуеті туралы хабардар ету.

3 4

Екінші пленарлық сессияда Nazarbayev University гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің деканы доктор Дэниел Пью модератор болды.

Осы сессияда бизнес-қауымдастықтың жалғыз өкілі – Boston Consulting Group Қазақстандағы персоналды іріктеу жөніндегі директор Лейла Әбдімомунованың презентациясы ерекше сөз болды. Өз сөзінде ол жас ұрпақ арасында қашықтағы мамандықтар мен фриланстың тартымдылығын атап өтті. Ол сондай-ақ, білім беру мекемелері үшін бүгінгі күні әлі пайда болмаған болашақ мамандықтарға кадрларды дайындау мен болжай білу үлкен сын болып табылады.

Күннің екінші жартысында төрт семинар өтті. Жоғары білім беру мектебінде жоғары білімнің өзекті мәселелері бойынша халықаралық және қазақстандық авторлардың кітаптарының тұсаукесері өтті. Олардың ішінде: Дэвид Бриджес редакциясымен «Білім беру жүйесін реформалау және интернационалдандыру: Қазақстандағы мектеп білімінің кейс реформасы» (2014), Мэтт Хартли және Алан Руби редакциясымен «Жоғары білім беруді реформалау және дамыту: Қазақстан кейсі» (2017), Әли Мхамед, Рита Кас, Аида Сагинтаева және Ханс Восенштайн авторларының «Өтпелі кезең жағдайында Қазақстан Республикасындағы жоғары білім жүйесін қаржыландыру моделіне қатысты университеттердің тұрақтылығы» (2019).

Іс-шараның екінші күні төрт секциялық отырыс және қорытынды сессия жұмысына арналды.
Секциялық отырыстар келесі тақырыптарды қамтыды: «Жаһандық императив және олардың жергілікті контекстегі өзектілігі», «Жоғары оқу орындарының құндылықтар декларациялары: болашақ көшбасшылар», «Болашаққа дайын ЖОО және өмір бойы оқу».

Қорытынды отырыста Nazarbayev University президенті Шигео Катсу алдыңғы талқылаулардың қорытындылары шығарылды. Қатысушылар алған сабақтарды, академиялық қауымдастық үшін алдағы қадамдарды талқылап, өз ұсыныстарын айтты.

Материалдар Форумның ресми сайтында https://ehelf.nu.edu.kz/ru/o-forume/publikatsii/ қолжетімді болады.