07 қазан 2020

IQAA Халықаралық INQAAHE 2020 форумына қатысты

inqaahe forum 1

2020 жылдың 28 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында INQAAHE (Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша агенттіктерінің халықаралық желісі) «Сапа, құзыреттілік және оқыту нәтижелері: Z буынын жұмысқа орналастыруға дайындық» (Quality, Competencies, and Learning Outcomes: How to Be Fit for Generation Z Employability) атты халықаралық форумын өткізді. 

Бұл Форумға әлемдегі қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы білім беру сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау және жаңа әдістерді іздеу үшін әлемдегі білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық агенттіктер, білім беру мекемелері, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

inqaahe forum 2

Осы Форум аясында IQAA Президенті - Қаланова Шолпан Мұртазовна «Білім сапасын куәландыру: мәселелері мен даму жолдары» тақырыбындағы презентациясын ұсынды. Агенттік президенті елдегі білім беру саласындағы ағымдағы жағдаймен және пандемия жағдайындағы сыртқы аудит жүргізу бойынша IQAA рәсімдеріне енгізілгенімен өзгерістермен бөлісті.