16 қараша 2020

IQAA, Қазақстан Студенттер альянсының XVII республикалық слетіне және ІІ республикалық ЖІК слетіне қатысты.

Альянс студентов Казахстана и II Республиканский слёт КДМ

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) Қазақстан Студенттер альянсының XVII республикалық слетіне қатысты. Іс-шара 2020 жылдың 6 қарашасында M. S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU UNIVERSITETI-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен офлайн және онлайн форматта өтті. Білім беру мекемелеріне студенттік ұйымдардың, студенттік парламенттер мен Жастар ісі жөніндегі комитеттердің 300-ден астам жас өкілдері қашықтықтан қосылды.

Бұған дейін аталған іс-шара шеңберінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов сөз сөйлеп, студенттік ұйымдарды дамыту үшін жақын арадағы жоспарларға және ҚР БҒМ жанындағы студенттік кеңестің қызметіне қатысты мәселелер талқыланды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Асқарұлы Байманов құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ слет бағдарламасына "Атамекен" ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Олжас Темірбекұлы Ордабаев, м.с. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің провосты, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Геннадьевич Пен және Астана медициналық университетінің ректоры Дайнюс Павалкис қатысты.

Қол қойылған меморандум мен ынтымақтастық аясында IQAA талдау және сапа бөлімінің бастығы Галия Галимовна Рахимжанова "Сапаны сыртқы қамтамасыз етудегі студенттердің рөлі" тақырыбында баяндама жасады. Ол IQAA аккредиттеу және қызметі туралы айтып берді. Сонымен қатар, студенттердің сапаны Ішкі қамтамасыз етудегі, атап айтқанда Университет ішіндегі академиялық адалдықты қолдаудағы негізгі рөлі атап өтілді.