БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

Бізге 10 жыл!

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

итог каз
итоги каз
bul 09 18

Шағымдар жөнінде комиссия

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі (ары қарай – IQAA немесе Агенттік) IQAA Стратегиясында берілген ашықтық және есеп берушілік принциптеріне сәйкес қызмет етеді. Бұл сыртқы сарапшылар тобының ескертулері мен ұсынымдарына келіспеген білім беру ұйымдарының шағымдарына орай ашық және әрекет ету рәсімдерінің бар екендігін болжамдайды. Шағым ретінде институционалдық аккредиттеуден немесе білім бағдарламалары аккредиттеуден өткен ЖОО-ның қызмет сапасына немесе агенттік үйлестірушілерінің немесе IQAA сыртқы сарапшылар тобы мүшелерінің әрекеттеріне наразылық білдіруін қабылдау қажет.

Агенттіктің шағымдарды қарастыратын жеке рәсімі бар. Білім беру ұйымдарының шағымдарын қарастыру сыртқы аудитті жүргізу барысында жіберілген бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді және оларды жою бойынша ұсынымдар береді. Наразылықтарды қарастыру қолданыстағы рәсімдердің тиімділігін бақылауға және бағалауға, агенттік қызметкерлері әрекеттерінің ашықтығы мен жауапкершілігін қолдауға мүмкіндік береді, IQAA және сарапшылар комиссиясының жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған стратегияның бөлігі болып табылады

Негізгі құрамы

akilovaulzhan
Акилова Улжан Шортанбаевна

IQAA шағымдар жөніндегі комиссия мүшесі

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Аккредиттеу және рейтинг бөлімінің басшысы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент. «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2008 ж.). Эразмус Мундус бағдарламасы грантының иегері (2011-2014 жж.).

kuralbaev
Куралбаев Зауытбек Куралбаевич

IQAA шағымдар жөнінде комиссия мүшесі

Алматы энергетика және байланыс университеті Компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі. ҚР БҒМ «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «Академик Ержанов» алтын медалімен марапатталған, «ЖОО үздік оқытушысы» (2007 ж.) грантының иегері.

  • Жұмыс тәжірибесі:

    • Оқытушы, аға оқытушы, доцент, қолданбалы математика кафедра меңгерушісі, құрылыс факультеті декан орынбасары. Алматы энергетика және байланыс институтының профессоры, инженерлік кибернетика кафедрасының меңгерушісі (2001-2003 жж.);
    • Қазақ қаржы-экономикалық институтының ректоры (Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ.) (2003-2006 жж.);
    • Алматы энергетика және байланыс университеті Компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі (2006 ж. бастап - қазіргі күнге дейін).

    100- ден аса ғылыми жұмыстары басылып шығарылды, соның ішінде 2 монография, 10-нан аса оқулықтар мен оқу құралдары. Ғылыми жұмыстары арасында нольдік емес импакт-факторы бар журналдарда басылымдары бар.

 

Қосымша құрамы

Бусурманов Жумабек Дюсешевич
busurmanovzhumabek

                       IQAA шағымдар жөніндегі комиссия мүшесі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық және конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен; «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған; «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2009 ж.) грантының иегері; ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» (2009 ж.) төсбелгісімен марапатталған.

Жумашев Рымбек Муратович
zhumashevrimbek

                       IQAA шағымдар жөніндегі комиссия мүшесі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор. ҚР БҒМ «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2006 ж.), ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен (2006 ж.), ҚР БҒМ «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2007 ж.), ҚР БҒМ «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен (2012 ж.), А.Байтұрсынов медалімен (2012 ж.) марапатталған.

Ким Наталья Павловна
kimnatalia

                       IQAA шағымдар жөніндегі комиссия мүшесі

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Психология және педагогика кафедрасының профессоры.

«Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-орындаушылық жүйесінің үздігі» атағымен, ҚР БҒМ «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2007 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, «Ы.Алтынсарин» медалімен (2010 ж.) марапатталған.

Куангалиева Турсынзада Куангалиевна
Куангалиева

                       IQAA шағымдар жөніндегі комиссия мүшесі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Оқу үрдісін бақылау мен жоспарлау басқармасының бастығы, экономика ғылымдарының кандидаты. ҚР БҒМ «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

prikaz kz
eqar
enqa2
итог каз
eenqa
inqa
apqn
CHEA
logo c3qa